RSS

Мен кіммін?

25 Май

Мен кіммін? Мен пендемін. Алла тағаланың жаратқан жұмыр басты пендесімін. Өмірге не үшін келгенімді, өмірдің мәнісі неде екенін кешегі күнге дейін түсінбей келген бір қазақпын.

Құдайға шүкір, еліміз тәуелсіздік алып, ұлттық болмысымызға оралғандай болып, дініміз бен ділімізді қалпына келтіріп жатқанда бетім оңға бұрылғандай болған Қазақ елінің бір азаматымын. Өзімді дұрыс деп ойлағанмен, кейде артынан қарағанда дұрыс болмай шығып опық жеп жататын кездерім болады.

Осы мен өмірде не бітірдім деп кей кездерде ойланам. Абай айтқандай күнде өзіме есеп беріп, ертеңімді болжап жүрген мен жоқпын. Неге? Оған айтар сылтауым көп. Жұмыс көп, уақыт жоқ деймін. Негізінде солай ма? Олай емес. Оны білемін. Біле тұра мойындағым келмейді.

Жалқаулыққа беріліп көп жұмыстарым бітпей қалады. Бұйырғаны болар деп өзімді жұбатқандай боламын. Оным да әбестік болар. Қазақ атамыз айтқан еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей демекші, жалқаулық арқасында материалдық қиындықтарды да сезініп қалып жатамын.

Ең бір жаман жерім, біреуді байқамай жамандап жіберемін. Бұл не қасиет? Обай-ау он күнәнің тоғызы тілден емес пе? Оны білемін. Бірақ біле тұра қызбалықпен, басқаларды сыбап жіберемін.

Сырттай қарағанда тәп-тәуір адаммын. Оқығанмын, дипломым бар. Мәдениеттімін. Ішкі рухани мәдениетім қандай десеңізші? Білмеймін. Ол туралы айта алмаймын. Сөз қозғау қиын!

Елдерге ақыл айтқанды жақсы көремін. Бірақ соның көбісін өзім орындамаймын. Ерік-жігерім көп нәрсеге жетпей қалады.

Құдайдан қорқамын. Сол себепті күнә жасамауға тырысамын. Бірақ жоғары айтқан мінездерімнің кесірінен күнә мен кемшіліктерге жол беріп аламын.

Бір Құдайға шүкір деп ойлайтын жерім: өмірдің мәнісі адамның жаратқан иесіне құлшылық етуде екенін түсінгенім. Бірте-бірте түзелермін. Алладан соны тілеймін. Сіздерге жаратқан иеміздің түзу жолын тілеймін, ағайын!

 
 

Метки: , , ,

4 responses to “Мен кіммін?

  1. tasbolatov

    25/05/2011 at 18:12

    Секе, ағыңнан жарылғаның дұрыс екен. Бұл да болса өзіңді жеңудің алғашқы баспалдағы шығар. Ал тұтастай өзіңді жеңе білгенде жоғарыдағыдай кемшіліктер құриды.Алайда, өкінішке орай, адамның өзін-өзі толықтай жеңуі мүмкін емес көрінеді. Сондықтан иманың шын болсын.

     
  2. economkz

    26/05/2011 at 10:30

    Бұл сұрақ мені де мазалайды. Кейде тіпті басымнан шықпай қояды. Ас ішіп отырғанда да, ұйықтарда да. Жауап беруден қашамын. 😦 Есеп берсем өзімнің көп нәрседен қалып жүргенімді сеземін.
    Алайда сіз айтқандай Жаратқан ием тузу жолыңнан тайдырма деп үнемі тілеймін.

     
  3. sekentai

    26/05/2011 at 19:13

    Үн қосқандарыңызға көп рахмет! Басқа да ойлар күтемін.

     
  4. jansezim

    10/06/2011 at 11:37

    Ең бір жаман жерім, біреуді байқамай жамандап жіберемін. Бұл не қасиет? Обай-ау он күнәнің тоғызы тілден емес пе? Оны білемін. Бірақ біле тұра қызбалықпен, басқаларды сыбап жіберемін.
    —— Ағай, менде байқамай айтып қаламын. Меніңше, адам өз бойындағы көп нашар қасиетін жеңе алады, әрине егер соны түзетуді анық қаласа. Ал, тілді тыйып, тіл нәпсісін жеңу — О қиынның қиынын.

     

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s

 
%d такие блоггеры, как: