RSS

Архив рубрики: Басты мәселе

Биылғы өтпескем қалай өтті?

Мен биылғы жазғы демалысымды жалпы алғанда ауылым жақта өткіздім.


Семейге барар жолдағы қарағайлы орман осы. Read the rest of this entry »

 

Қорғалжынға барғанда

Өткен сенбі, 2011 жылдың 11 маусымында астаналық бір топ блоггерлермен Қорғалжын қорығына барып саяхаттап қайттым.

Нағашы қарындасым Сымбатпен бірге.

Доңыз жылы туған соң доңыздың экспонатымен суретке түсейін деп.

Қорық мұражайын аралағанда.

Алыста көл бетінде жүрген қоқиқаздарды тек осылай дүрбімен ғана көруге болады екен.

«Қазақтың кең даласы!» — деп айқайлағым келді. Оған қасымдағылардан ұят сияқты, оған қоса күн шақырайып түсіп, түрім де дұрыс болмай қалды.

 
2 комментария

Опубликовал на 13/06/2011 в Басты мәселе, Фотобаян

 

Ғаламтор және журналист

Интернетті пайдалануда мемлекеттік қызметкерлердің журналистерден озып кеткен жайы да бар. Қазір жұрттың бәрі Пре­мьер-Министрдің «Твиттердегі» жазғандарын ұдайы оқитын бо­лып алды.

Read the rest of this entry »

 

Метки: , , , , , , , , , , ,

Астанада блоггерлер көбейетін болды

Бүгін Құдайға шүкір көптен ойда жүрген іс-шарамызды атқарып, иығымыздан бір ауыр жүк түскендей болып қалдық. Айтып отырған мәселем: «Қазақ журналистикасы және Интернет» атты дөңгелек үстел және тренинг түрінде өткен іс-шарамыз еді. Ең басты келіскен мәселеміз енді ылғи да осылай жиналып блоггерлер блоггер еместерден қалай арылуға болатынын шешетін болдық.

Құдайға шүкір астаналық журналистерден біраз адам жиналды. Оны мына суреттерден көрсеңіздер болады:

Read the rest of this entry »

 

Метки: , , , , , , , , , , , ,

Жеті түрлі бәле бастарыңа келмей тұрып ізгі амал жасауға асығыңдар!

Жеті түрлі бәле бастарыңа келмей тұрып ізгі амал жасауға асығыңдар! Әлде сендер естен тандырар пақырлықты, азғындыққа бастайтын байлықты, берекені қашырар ауру-сырқауды, алжытатын кәрілікті, аяқастынан алқымыңнан алатын ажалды, ғайыптан келетіндердің ең жаманы Тажалды не болмаса Қиямет күнінің келуін күтудесіңдер ме? Read the rest of this entry »

 
1 комментарий

Опубликовал на 02/06/2011 в Басты мәселе, Дін-Ислам

 

Метки: , , ,

IV Қазақтар құрылтайы. Футбол

Кеше, 2011 жылдың 27 мамырында, Астана қаласында Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайы аясында өткен футбол турниріне жанкүйер ретінде бардым. Өкінішке орай менің командам Қытай елінен келген қазақтар командасы жеңіліп қалды. Құрылтайдың алғашқы екі күніне қатыспасам да, осы футбол жарысынан жақсы әсерленіп қайттым. Сіздерге өзім түсірген фото- және видеоматериалдар ұсынамын.

Read the rest of this entry »

 
3 комментария

Опубликовал на 28/05/2011 в Басты мәселе, Фотобаян

 

Метки: , , , , , , , , , , , , ,

Мен кіммін?

Мен кіммін? Мен пендемін. Алла тағаланың жаратқан жұмыр басты пендесімін. Өмірге не үшін келгенімді, өмірдің мәнісі неде екенін кешегі күнге дейін түсінбей келген бір қазақпын.

Құдайға шүкір, еліміз тәуелсіздік алып, ұлттық болмысымызға оралғандай болып, дініміз бен ділімізді қалпына келтіріп жатқанда бетім оңға бұрылғандай болған Қазақ елінің бір азаматымын. Өзімді дұрыс деп ойлағанмен, кейде артынан қарағанда дұрыс болмай шығып опық жеп жататын кездерім болады. Read the rest of this entry »

 
 

Метки: , , ,

22 мамыр 2011 жыл. Астана көріністері

Өткен жексенбіде Алматыдан келген ініме Астананы көрсету үшін қаланы аралаған едім. Профессионал суретші болмасам да өзімше тырысып түсірген суреттерім, тамашалаңыздар!

Read the rest of this entry »

 

Метки: , , , , , , , , , , , , , , ,

Кибершәйхана. Асхат. Кристофер

Кеше кешкісін Астанада Қазақ блогосферасының іргесін қалаушы Асхат Еркімбайдың ұйымдастыруымен Орталық Азияның  блоггерлері туралы “Киберчайхана. Виртуальные беседы из Центральной Азии” атты кітаптың тұсаукесері болды. Ол жерде мен де болып қайттым. Read the rest of this entry »

 

Метки: , , , , ,

Ғарышқа алғаш қазақ төбеті ұшыпты

Бүгін 12 сәуір — халықаралық космонавтика күні.

Read the rest of this entry »

 

Метки: , , , ,