RSS

Астанада блоггерлер көбейетін болды

08 Июн

Бүгін Құдайға шүкір көптен ойда жүрген іс-шарамызды атқарып, иығымыздан бір ауыр жүк түскендей болып қалдық. Айтып отырған мәселем: «Қазақ журналистикасы және Интернет» атты дөңгелек үстел және тренинг түрінде өткен іс-шарамыз еді. Ең басты келіскен мәселеміз енді ылғи да осылай жиналып блоггерлер блоггер еместерден қалай арылуға болатынын шешетін болдық.

Құдайға шүкір астаналық журналистерден біраз адам жиналды. Оны мына суреттерден көрсеңіздер болады:

Блоггер болғысы келетін Абзал Нүкенов, блоггер-журналист Серік Ерғали, блоггер емес Гүлназ Айтақова және кәнігі блоггер Фазылбек Әбсаттарұлы.

Мына отырған Марат Омаров ағамыз: «Жігіттер, маған да блога ашуға көмектесіңдер. Мен енді жай композитор емес, блоггер-композитор боламын», — дейді.

Берік Уәли ойланып отыр: Мен кеше блог ашып едім. Мына Өркендерден не сұрап алсам екен? Ал Өркен Кежебек болса, қабағын түйіп: «Немене бәрі оңай ғой деп пе едіңдер, блоггер болу үшін тер төгу керек, тер!» — деген ойда.

Аршат Оразовтың ойы: Қазір болатын мастер-класымды қалай жақсылап өткізсем екен. Мен мында отырмын, КерекИнфо не болып жатыр десеңші?

Сонда Өркен сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді деп, блоггердің жырын жырлап берді. Ар жағында отырған блоггер-депутат Мұрат Әбенов: «Мен де жап-жақсы блоггер болып қалдым, қазір қандай сұрақтар қояды екен маған?», — деген ой құшағында.

Тарамай тұрып бір суретке түсіп алайықшы дегеніміз ғой.

 

Метки: , , , , , , , , , , , ,

4 responses to “Астанада блоггерлер көбейетін болды

  1. Өркен

    08/06/2011 at 23:33

    Расында семинар-тренинг жақсы өтті, аз да болса білім алып кетті деген ойдамын. Анау суретте сондай бір қатал, қатыгез адамдай болып қалыппын, ұятай-ай))))

     
    • sekentai

      09/06/2011 at 12:15

      Жоқ олай емес! Қайта Егемендегі қыздар Өркен деген қандай биязы әрі иманжүзді жігіт деп тамсанысты…

       
  2. Тоты

    09/06/2011 at 09:25

    Қуаныштымыз!

     
  3. jansezim

    10/06/2011 at 10:17

    Ой, Серікқазы ағай, тема ғып жеткізіпсіз!

     

Оставьте комментарий